Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екі министрлігінде қызылшаға байланысты бетперде тағу режимі енгізілді

Жарияланған күні:

Бетперде1
Көрнекі фото: pixabay.com

ҚР Индустрия министрлігі, сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себебіне байланысты бетперде тағу режимін енгізді, деп хабарлайды Президент әкімшілігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Коронавирус қайтадан өрши ме: министр жауап берді

Қазақстанның Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі шектеуші профилактикалық іс-шараларды енгізіп отыр.

Тиісті қаулыға Президент әкімшілігі медициналық орталығының санитария дәрігері қол қойды.

"Мемлекеттік қызметшілерге бетперде режимі енгізілді, жиналыстарды онлайн өткізу ұсынылады. Мүмкін болмаса, бетперде режимі сақталған жағдайда оны желіден тыс режимде жүргізуге болады. Сондай-ақ көпшілік жиналатын және іс-шаралар өтетін орындарға (сауда үйлері, кинотеатрлар және т.б.) баруды шектеу ұсынылады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ресми сайттың хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайында орналасқан. Ресми мәлімет бойынша, Сауда министрлігі де дәл сол ғимаратта орналасқан.

2023 жылдың соңына қарай ЮНИСЕФ Қазақстанды қызылшаның таралуы бойынша әлемде 1-орынға қойды.

Еске салайық, 8 ақпанда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері медициналық ұйымдарда жұмысшылар мен келушілер медициналық бетпердені қайтадан киюге тиіс қаулыға қол қойған болатын.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қаңтарда өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда COVID-19 ауруының желтоқсандағы 187 жағдайдан қаңтарда 477 жағдайға дейін, яғни 2,5 есеге өскенін хабарлаған болатын. Жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматы мен Астанада тіркелген.

Осыған байланысты ел тұрғындарына адамдар көп жиналатын бөлмелерде, қоғамдық көліктерде, медициналық ұйымдарға барған кезде және науқаспен байланыста болған кезде бетперде кию ұсынылады.

Кеше сондай-ақ Парламент мәжілісі коронавирусқа байланысты бетперде кию режимін енгізгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060180-qazaqstannyn-eki-ministrliginde-qyzylsaga-bailanysty-betperde-tagu-rezimi-engizildi/