Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да фельдшерлер инсульт алған науқасты жедел жәрдем көлігіне дейін шанамен жеткізді

Опубликовано:

Дәрігер науқасты шанамен алып шыққан
Дәрігер науқасты шанамен алып шыққан. Видеодан кадр: YouTube / Петропавловск news

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылында жолды қар басып, жедел жәрдем дәрігерлері пациентке жаяу баруға мәжбүр болған. Кейін олар инсульт алған науқасты көлікке шанамен апарған, деп хабарлайды Petropavlovsk.news басылымы.

Медициналық мекеменің мәліметінше, сағат 07:20-да 56 жастағы ер адам сол жақ аяқ-қолының ұюына, бас айналуына шағымдарымен хабарласқан.

Алайда қар қалың жауып, жолды жауып тастаған соң жедел жәрдем көлігі пациенттің үйіне жете алмаған. Сондықтан дәрігерлердің шақырту түскен үйге дейін 400 метрдей жаяу жол жүруіне тура келген.

"Тексеруден кейін науқаста инсульт белгілері анықталды, көмек көрсетілді, бірақ қалың қар жедел жәрдемге эвакуациялау қиынға соқты. Фельдшерлер Айдар Омаров пен Әмір Широжеев еш қиналмай, науқасты көлікке дейін шанамен апаруға шешім қабылдады. Жүргізуші Руслан Ақомбаевтың көмегімен науқас дер кезінде ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады облыстық жедел медициналық жәрдем орталығынан.

Еске салсақ, ақтөбелік фельдшерлер қолайсыз ауа райы кезінде науқастан түскен шақыртуға тізеден қар кешіп бара жатқан сәті видеоға түсірілген болатын. Бейнежазба желіде лезде тарап кетті.

Жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақтөбелік фельдшерлердің еңбегін атап, әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Министр науқастың өмірі үшін түрлі қиындықты жеңіп шығуға дайын медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061061-sqo-da-feldserler-insult-algan-nauqasty-zedel-zardem-koligine-deiin-sanamen-zetkizdi/

pixel