jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Бұл - қыздардың құқығын бұзу": Балаева Алматыда ЖОО бірінде таралған "пәк қыздар тізіміне" қатысты пікір білдірді

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент қыздардың жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аида Балаеваның сөзінше, бұл тізімдегі қыздардың құқығын бұзу болып саналады.

"Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Бұл - тізімде аты-жөні аталған қыздардың құқығын бұзу болып саналады. Бірінші кезектегі сұрақ біреуді жазалаудан бұрын, бұл тізім не үшін құрылған соны тексеру керек. Бұл кім үшін керек? Білуімше, қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың жауабын күтейік. Соған байланысты шешіледі.", - деді министр.

"Пәк қыздар тізімі"

Айта кетейік, жуырда Алматыдағы ірі жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері бар тізім тарады, тізімде қайсы қыз пәк, қайсысы пәк емес екені туралы да ақпарат бар делінді.

Бұл жағдайға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді.

"Жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру заңбұзушылық болып саналады. Біз бұл мәселені бақылауға алдық, өйткені бұл жерде тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады", - деді ол бүгін мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ министр бұл мәселені жеке деректерді қорғау туралы заңнамамен қатаң түрде реттеу қажет екенін атап өтті.

Цифрлық даму министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында осы жайтқа пікір білдіріп, зардап шеккендерді министрлікке хабарласуға кеңес берді.

Көп ұзамай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері "пәк қыздар тізімі" қайдан шыққанын түсіндіріп, университетте алдын ала ішкі тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"2024 жылғы 6 ақпанда университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін "Smart Health University City " ЖШС медбикесі Whatsapp мессенджерімен флюорографиялық зерттеуден өтпеген механика-математика факультетінің 3 және 4 курс студенттерінің тізімі жазылған Excel форматындағы құжаттарды флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін осы факультет деканатының маманына жіберді.

Алайда берілген құжаттарда студенттердің аты-жөнінен басқа медициналық құпияға қатысты ақпарат та болған", - деп хабарлады университет өкідері.

"Бұл - қыздардың құқығын бұзу": Балаева Алматыда ЖОО бірінде таралған "пәк қыздар тізіміне" қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.