Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның сегіз өңірінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Опубликовано:

Көлік қозғалысы
Көлік қозғалысы. Көрнекі сурет: Harald Tittel/picture alliance via Getty Images

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

17 ақпандағы сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі, 15 тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 411 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында 1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау ауылы - Боғас ауылы. 2. "Қарағанды-Аягөз-Боғас" - Аягөз қаласы -Боғас ауылы.

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында: 1. "Алматау турбазасына кіреберіс аймақ"; 2. "Алматы-Ташкент-Термез" - Жаңақұрылыс - Жамбыл облысы шекарасы.

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында: 1. "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" Белоусовка кенті - Риддер қаласы; 2. ⁠"Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары"; 3. "Омбы-Майқапшағай" - Абай облысы шекарасы - Зайсан қласы -Үлкен Қаратал ауылы - ҚХР шекарасы; 4. "Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" Дайыр ауылы - Марқакөл ауылы.

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 174 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында 1. "Алматы-Ташкент-Термез" Алматы облысы шекарасы - Қайнар ауылы, Кенен ауылы Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында  (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында 1. "Үшарал-Достық" Көктума бекеті - Достық бекеті. 2. ⁠ "Сарыөзек-Көктал" Алтын Емел асуы

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында 1. "Жезқазған-Петропавл" Ұлытау облысы шекарасы - Арқалық қаласы.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында 1. "Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" Возвышенка ауылы - Рощинское ауылы. 2. ⁠ "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)" Кішкене көл-РФ шекарасы

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында 1. "Жезқазған-Петропавл" Ұлытау кенті - Қостанай облысы шекарасы

Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды.

Еске салайық, кеше, 16 ақпанда Ішкі істер министрлігі елдегі ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Ведомство өкілдері алыс жолға шықпауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061493-qazaqstannyn-segiz-onirinde-kolik-qozgalysyna-sekteuler-engizildi/

pixel