"Майқайыңалтын" фабрикасының жұмысы бір айдан астам уақытқа тоқтайды
Жарияланған күні:
"Майқайыңалтын" фабрикасының жұмысшылары үйіне жіберіледі, бірақ оларға жалақысының 50 пайызы төленеді. Бұл туралы Павлодар облысының еңбек басқармасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, "Майқайыңалтын" АҚ-да 933 қызметкер бар.
Оның 143-і қазір жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында, 30 адам бала күтіміне байланысты, 42 адам ауруына байланысты демалыста болса, 5 қызметкер әскери борышын өтеуге аттанған.
Алайда 4 қаңтарда жер астына түсіп кеткен автобусқа байланысты төтенше жағдайдан кейін мәжбүрлі тоқтап қалған 153 маман үйінде отыр, олардың көпшілігі кеншілер.
Жақында оларға шикізат өңдейтін зауыттың жұмысшылары қосылады.
"Жұмыс беруші "Майқайыңалтын" АҚ-ның ауызша түсіндірмесі бойынша, қазір зауыт жұмысын тоқтатуға дайындық жүріп жатыр. Биылғы 22-23 ақпаны аралығында уақытша тоқтату жоспарланған, ал зауыт жұмысшыларына жалақының 50 пайызы төленеді.
Кәсіпорында бос тұрып қалуға жіберілген қызметкерлер саны туралы ақпарат өңделуде, "Майқайыңалтын" АҚ басшылығы нақты санды осы аптаның аяғына дейін хабарлауды жоспарлап отыр", - деді Павлодар облысының еңбек басқармасы өкілдері.
Кәсіпорын қызметкерлерді жұмыстан шығару қарастырылып жатқан жоқ деп сендірді және олар 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап "Майқайыңалтындағы" жұмысын қалпына келтіреді деп үміттенеді.
Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Автобуста 4 адам болған. Олар - "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.
"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы топтық апатты тексеру комиссиясы 4 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында жүргізген арнайы тексерудің қорытындысын жариялады.
29 қаңтарда Павлодар облысының әкімі іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автобус дөңгелегі табылғанын хабарлады. Бірнеше күннен кейін опырылған жерден құтқарушының дулығасы мен қол радиосы табылды. 5 ақпанда опырылған жерде жұмыс тоқтатылды. Төтенше жағдайлар департаменті оқпанға құлаған автобусты іздестіру орнында опырылып қалу қаупі тым жоғары екенін мәлімдеді.
Күні кеше премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр "Майқайыңалтын" АҚ-да құлаған автобусты құтқару үшін халықаралық құтқарушыларды тартудың қажеті жоқ екенін айтты.
5 ақпанда автобус құлаған жердегі жұмыс тоқтатылды. ТЖД шахтаға құлаған автобусты іздеу орнында құлау қаупі тым жоғары деп мәлімдеді.
7 ақпанда іздеу жұмыстары қайта жанданды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы "Майқайыңалтын" кәсіпорнындағы жұмыс барысына тоқталып, оқиғаның себебін комиссия анықтағанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061798-maiqaiynaltyn-fabrikasynyn-zumyssylary-uiine-ziberiledi/