Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майқайыңалтын" аумағындағы апат: құтқарушылар автобустың дөңгелегін тапты (видео)

Опубликовано:

"Майқайыңалтын" кенішіндегі автобус апаты
Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Видеодан кадр: instagram.com/asaiyn.baikhan

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында құлап кеткен автобусты іздестіру жалғасуда. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байханов 4 қаңтардан бастап "Майқайыңалтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатқанын атап өтті.

"Шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталуда. Мен қазір оқиға орнындамын.

Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегін тапты. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі", - деді Асайын Байханов.

Оның айтуынша, іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Карьерге құлаған автобус оқиғасы

Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болған - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.

5 қаңтарда Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.

Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады. Кейін Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті автобус құлап кеткен "Майқайыңналтын" АҚ аумағында жүргізіліп жатқан іздеу-құтқару жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Кейін Павлодар облысындағы автобус құлап кеткен "Майқайыңалтын" АҚ аумағына қазуға арналған техника жеткізілгенін жазған едік.

Қаңтардың 15-і Павлодар облысында адамдар мінген автобустың жер астына құлаған сәті түсірілген видео пайда болды.

Ал 17-сі мәжілістің жалпы отырысында AMANAT фракциясының депутаты Амантай Жарқынбек "Майқайыңалтын" АҚ-ға қарасты шахтада болған апатқа қатысты мәселе көтерген болатын.

Сондай-ақ 18 қаңтарда "Майқайыңалтын" шахтасына құлап кеткен құтқарушының әкесі жанайқайын айтқаны туралы жазған едік. Ал 23 қаңтарда 40 қызметкерден жауап алынғаны хабарланған.

Кейін "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатты тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болған. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058094-maiqaiynaltyn-aumagyndagy-apat-qutqarusylar-avtobustyn-dongelegin-tapty-video/

pixel