Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Скляр: "Майқайыңалтын" кен орнына шетелдік құтқарушыларды тартудың қажеті жоқ

Опубликовано:

"Майқайыңалтын" АҚ аумағы
"Майқайыңалтын" АҚ аумағы. Фото: Валерий Бугаев

Бүгін өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр "Майқайыңалтын" АҚ-да құлаған автобусты құтқаруға неліктен халықаралық құтқарушылар тартылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Халықаралық құтқарушыларды тартудың еш қажеті жоқ, себебі мұндай тіпті тәжірибемізде болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі әріптестерін, құтқарушыларды құтқару үшін бар күш-жігерін салды. Қызметкерлері қайтыс болған ұйымда да қолдан келгеннің бәрін жасады", – деді премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр.

Еске салайық, кеше Павлодар облысындағы "Майқайың-алтын" аумағындағы опырылған жердегі жұмыстар тоқтатылғаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар департаменті шахтаға құлаған автобусты іздестіру орнында опырылу қаупі тым жоғары екенін мәлімдеді.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы ТЖ

Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайың" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді.

Автобуста 4 адам болған. Олар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі. Қаза болған екі қызметкердің денесі жер бетіне шығарылса, қалған екі қызметкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бұл оқиғадан соң Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

Жақында тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия жауапты 7 адамды анықтады. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілген.

Кеше "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан құтқарушының қызы видеоүндеу жасап, уәде етілген материалдық көмек толығымен көрсетілмегенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059664-sklyar-maiqaiyn-altyn-ken-ornyna-seteldik-qutqarusylardy-tartudyn-qazeti-zoq/