Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауға қызғылт қоқиқаздар қайта оралды (фото, видео)

Опубликовано:

Қызғылт қоқиқаз
Қызғылт қоқиқаз. Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Көктем қарсаңында Маңғыстау облысына "Қызыл кітапқа" енген қызғылт қоқиқаздар қайта оралды. Бұл туралы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев хабарлады.

Қаракөлге қызғылт қоқиқаздың қайтып оралғанын блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында жариялады.

"Қоқиқаздар жылы климаттан қайтып келеді. Ақтауда бір күні Қаракөл көлінде құстардың қауіпсіздігін бақылайтын тиісті инфрақұрылым пайда болады деп сенемін", - деп жазды ол парақшасында.

Еске сала кетейік, өткен жылы қызғылт қоқиқаздар Каспий теңізінде желтоқсан айының соңына дейін болған еді. Ұшуға дайындалып жатқан бір топ қоқиқаздың видеосын да блогер Азамат Сәрсенбаев жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062080-mangystauga-qyzgylt-qoqiqazdar-qaita-oraldy-foto-video/

pixel