jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Ауа райы қолайсыздығына байланысты Қазақстанның жеті облысында жол жабылды

көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол"-дың Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

22 ақпанда сағат 6:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар 28 тасжолдың көлік қозғалысына шектеулер енгізілді:

Абай облысы – жалпы ұзындығы 1841 км 6 автомобиль жолы.

Ақмола облысында жалпы ұзындығы 41 км бір автомобиль жолы .

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1238 км 7 автомобиль жолы.

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 265 км 3 автомобиль жолы.

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 км бір автомобиль жолы.

Павлодар облысы – жалпы ұзындығы 1624 км 9 автомобиль жолы.

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 км құрайтын бір жол жабылды.

"Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бүкіл желісі бойынша шектеу 5 207 шақырымға, яғни бүкіл желінің 20,83 пайызына қатысты. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 223 бірлік техника мен 233 адам жұмылдырылды", - деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

Айта кетейік, 21 ақпан күні кешке ауа райының қолайсыздығынан Қазақстанда 20-ға жуық жол жабылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарға елімізде аяз әлі де сақталатынын ескерткен еді. 22-24 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде солтүстіктің салқын ағындары әсер еткен ауқымды антициклон аязды, желсіз ауа райын сақтайды.

Ал Абай ауданындағы "Семей орманы" аумағында ақпанның 20-нан 21-не қараған түні соңғы 20 жылдағы ең төменгі температура тіркелді - термометр -55 градусты көрсетті.

Ауа райы қолайсыздығына байланысты Қазақстанның жеті облысында жол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.