Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшкін қаупі бар": Алматы облысы ТЖД тұрғындарға ескерту жасады

Жарияланған күні:

Көрнекі фото
Таудағы қар көшкіні. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 22 ақпан мен 26 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ескерту ведомствоның Telegram арнасында жарияланды.

"Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 22 ақпан мен 26 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар.

Негізінен қар көшкіні температура фонының жоғарылауынан және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуінен жүреді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы төтенше жағдайлар департаменті қалады дабыл қағылатынын айтып, алматылықтарға үндеу жасағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062455-koskin-qaupi-bar-almaty-oblysy-tzd-turgyndarga-eskertu-zasady/