jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Анасы - мұғалім": Қарағанды облысында төрт бала көз жұмған отбасы туралы не белгілі

Мектеп
Мұғалім оқушыларға сабақ түсіндіруде. Көрнекі фото: Pexels

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өрт салдарынан көз жұмған төрт баланың отбасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Динара Зәкиева Instagram парақшасындағы Stories-те балалардың үлкені 5 жаста, ал кішісі 1,5 жаста болғанын, олардың үйде жалғыз қалғанын растады.

"Анасы - мектепте мұғалім, әкесі құрылыста жұмыс істеген. Қыс уақытында өз шаруашылығымен айналысқан. Қайғылы жағдай 23 ақпан күні кешке болды. Облыс әкімінің орынбасары, ТЖД, құзырлы органдар оқиға орнында. Қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Зәкиева.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылындағы тұрғын үйде шыққан өрттен бір отбасының төрт баласы көз жұмғанын жазған едік.

Кейін облыстық ТЖД өрт салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылы туған төрт бала көз жұмғанын хабарлады. Қайғылы жағдай кезінде балалардың ата-анасы үйде болмаған.

"Анасы - мұғалім": Қарағанды облысында төрт бала көз жұмған отбасы туралы не белгілі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.