Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Самат Әбіш
Самат Әбіш. Фото: ҰҚК-нің ресми сайтынан алынды

Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ҰҚК басшысының экс-орынбасары Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер Самат Әбішке қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы сұрады.

"Іс сотқа жіберілді, яғни ол - сотталушы. Бұл іс - құпия, сондықтан құпия түрде тергеліп, сотқа жіберілді. Одан әрі ештеңе айта алмаймын", - деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Алайда Шындалиев оның қайда екені туралы сұраққа жауап бермеді.

"Мен істің сотта екенін білемін. Ол қайда? Қазақстанда. Тергеу кезінде ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған. Қалғанын айта алмаймын", - деді ол.

Самат Әбіш ісі

Еске салайық, 2022 жылдың 17 қаңтарында Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

2023 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура ведомствоның арнайы прокурорлары ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай Самат Әбіш Қазақстанда екенін, ол ешқайда кетпеу туралы қолхат бергенін мәлімдеген болатын. Кейін бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев мәжілісте сөйлеген сөзінде Самат Әбіш қашып кетуі мүмкін деген қауіпті жоққа шығарған.

2024 жылғы 15 қаңтарда Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063484-bas-prokuratura-samat-abistin-isine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel