jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қарағанды шахтасында қаза тапқан 46 кеншіге ескерткіш қойылады

Костенко атындағы шахта
Костенко атындағы шахта. Иллюстрациялық фото: Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерге мемориалдық ескерткіш қойылады. Бұл туралы Qarmet компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Басылымның хабарлауынша, ескерткіш қою бастамасы "Qarmet" компаниясының басшылығы мен қайтыс болған жұмысшылардың туыстары арасындағы кездесуде талқыланған.

"Костенко шахтасындағы апатта қаза тапқандардың отбасымен кездесу әріптестерімізді еске алуға арналған ескерткіштің жобасын келісу мақсатында басталды. Жұмысты дайындаған қарағандылық суретші және мүсінші Игорь Баграмов. Ол "Абай" мемориалдық кешенінің авторы. Таныстыру аяқталғаннан кейін жобаны жүзеге асыруға келісім хаттамасына қол қойылды", - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ескерткіш компанияның өз қаражатына қойылады. Бірақ мемориал қойылатын жер мен құрылыс уақыты нақтыланбаған.

Қарағанды облысында Костенко шахтасындағы жарылыс қазанның 27-нен 28-не қараған түні болған еді. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шеккен.

2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

2023 жылғы желтоқсан айының басында Қазақстан үкіметі ArcelorMittal-дың Қазақстаннан шығуы бойынша келіссөздер сәтті аяқталғанын хабарлады. Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АМТ жаңа инвесторы кәсіпкер Андрей Лаврентьев екенін мәлімдеді

Кейінірек ArcelorMittal Теміртау ресми түрде QARMET болып өзгертілді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.