Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мектептерінің бірінде жер сілкінісінен кейін қабырғадағы сылақ опырылып түсті

Опубликовано:

Мектеп іші
Мектеп іші. Фото: NUR.KZ

Алматыда болған 5 балдық жер сілкінісінен кейін Алматыдағы мектептердің бірінде қабырғадағы сылақ опырылып түскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиға куәгерлері хабарлады.

Фото Алматыдағы Медеу ауданында орналасқан Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында түсірілген. Куәгерлер қатты жер сілкінгеннен кейін редакцияға қабырғадан опырылып түскен сылақтың фотоларын жіберді.

Айта кетейік, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда магнитудасы бес балдық жер сілкінісі болды.

Кейін Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ТЖД бастығы үндеу жасады.

Сондай-ақ қала әкімі Ерболат Досаев жедел штаб жиналысын өткізіп, алдағы іс-шаралар талқыланып жатқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064331-almaty-mektepterinin-birinde-zer-silkinisinen-keiin-qabyrgadagy-sylaq-opyrylyp-tusti/

pixel