jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жер сілкінісінен кейін мектептер мен колледждер, ЖОО-ларда сабақ тоқтатылды

мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 5 балдық жер сілкінісінен кейін мектептер мен колледждерде екінші ауысымдағы сабақ тоқтатылды. Сондай-ақ 4 наурызда ЖОО-ларда сабақ болмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының Білім басқармасынің мәліметінше, қаладағы білім ордаларында сабақ болмайды.

"4 наурызда Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 2-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалардағы балаларды ата-аналар қалауы бойынша алып кетеді", - деп хабарлады ведомстводан.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, 4 наурызда Алматыда жер сілкінісі салдарынан жоғары оқу орындарында сабақ тоқтатылды.

"Барлық студент дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін Алматы университетінің студенттеріне сабақ болмайды. Университет ректорларына жатақханадағы кезекшілікті қамтамасыз ету, су, жылы киім немесе басқа да қажетті заттарға мұқтаж студенттерге көмек көрсету тапсырылды. Кезекшілік басталып кетті", - деді Байтанаев.

Айта кетейік, 4 наурызда Алматыда магнитудасы бес балдық жер сілкінісі болды.

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ТЖД бастығы үндеу жасады.

Сондай-ақ Досаев жедел штаб құрылып, алдағы іс-шаралар талқыланып жатқаны хабарланды.

Алматыда жер сілкінісінен кейін мектептер мен колледждер, ЖОО-ларда сабақ тоқтатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.