Сынған әйнек пен опырылған төбе: алматылықтар жер сілкінісінен кейін желіге фото-видеолар жариялауда
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматылықтар 5 балдық жер сілкінісінен кейін сынған әйнек пен құлаған төбелердің фото-видеоларын жариялап жатыр. Бүгінгі жер сілкінісінің салдары туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
NUR.KZ оқырмандарының бірі редакцияға жер сілкінісінен кейінгі кабинетінің суреттерін жіберді. Оның жұмыс орны Қабанбай батыр мен Құрманғалиев көшелерінің қиылысына жақын жерде үшінші қабатта орналасқан.
Фотосуреттен кабинет төбесіндегі құрылымның құлағанын көруге болады. Төбедегі құрылымдар қабырғадағы кондиционерге тіреліп қалған. Кабинет әйнегі де сынған.
Qumash Telegram-арнасында жер сілкінісі кезіндегі метродағы жағдайды көрсететін видео таралуда. Видеодан адамдардың жаппай метродан жүгіріп шығып бара жатқанын көруге болады.
Сондай-ақ әлеуметтік желідегі kris_p_almata парақшасында жер сілкінісі кезінде Алматы көшелерінің бірінде болған жайттың видеосы жарияланды.
Ал El.info Telegram-арнасында Алматыдағы жер сілкінісі кезінде кеңседен түсірілген кадрлар пайда болды. Шкафтың жоғарғы сөрелерінен заттар құлап түскен.
Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.
ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.
Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.
Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.
Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064364-syngan-ainek-pen-opyrylgan-tobe-almatylyqtar-zer-silkinisinen-keiin-zelige-foto-videolar-zariyalady/