Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының экс-бастығын сот залынан жедел жәрдем көлігі алып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚыз зорлады деп айыпталған Талдықорған ІІБ бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық сотына сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.
Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Зембілмен көтеріп кетіп бара жатқан адамның Марат Күштібаев екені айтылған.
"Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде айыпталушы К.-ны жедел жәрдем көлігімен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта ол кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды", - деп түсіндірді олар.
Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейін ол екі айға қамауға алынған. Сонымен бірге Күштібаев туралы бұған дейін де шыққан дауларды жинап шыққан едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064679-qyz-zorlady-dep-aiyptalgan-taldyqorgan-policiyasynyn-eks-bastygyn-sot-zalynan-zedel-zardem-koligi-alyp-ketti/