Жер сілкісінен кейін Алматыда жер үй мен төменгі қабатта орналасқан пәтерге сұраныс артқан
Жарияланған күні:
Алматыда жер сілкінісі жиілегеннен кейін жер үйлерге сұраныс артқан. Оңтүстік астанада орналасқан жоғары қабаттағы жалдамалы пәтерлердің құны арзандады, деп хабарлайды КТК арнасы.
КТК арнасының мәліметінше, Алматыда жер үйлерге сұраныс 15 пайызға артқан.
"Өткен жер сілкінісінен кейін біз 8-қабаттан 1-ші қабатқа, ата-анамыздың үйіне көшіп бардық. Жер сілкінісінен кейін қатты қорқыныш пайда болды. Пәтерімізді сату әлі ойда жоқ. Мүмкіншілік болса, басқа пәтер алып, төменгі қабатта тұру ойда бар", - деді Алматы тұрғыны.
Сонымен қатар Алматыда жоғары қабаттағы жалға берілетін үйлерді жалдау бағасы арзандаған.
КТК арнасының мәліметінше, жоғарғы қабаттағы баспаналар шамамен 10 пайызға дейін арзандаған. Бұған дейін комфорт санатындағы бір бөлмелі пәтер кемі 500 мың теңгеге жалға берілген болса, қазір 300 мың теңге шамасына түскен.
"Біраз адам хабарласты. Басқа да сұраныс болды. "Үй тауып берші, жер үй, жалға алуға" деген ұсыныстар болды. Сосын төменгі қабаттан үй іздеп жүргендер көбейі. Бірінші, екінші, үшінші қабаттарға дейін сұраныс көбейді. Жер үйге сұраныс көп. Жалға беріп жатқандар да бағасын көтеріп қойды", - деді Қуаныш есімді риелтор.
Алматыда жер сілкінісі
Айта кетейік, 4 наурызда Алматыда магнитудасы бес балдық жер сілкінісі болды.
Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ТЖД бастығы үндеу жасады.
Сондай-ақ Досаев жедел штаб құрылып, алдағы іс-шаралар талқыланып жатқаны хабарланды.
Алматыда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.
Мегаполисте жер сілкінісінен кейін мектептер мен колледждер, ЖОО-ларда сабақ тоқтатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064937-zer-silkisinen-keiin-almatyda-zer-ui-men-tomengi-qabatta-ornalasqan-paterge-suranys-artqan/