Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Операцияға үш күн қалды": бауыр циррозына шалдыққан елордалық бүлдіршіннің анасы елден көмек сұрайды

Опубликовано:

Елжан Әлімхан анасымен
Жансая Жәлел баласымен. Фото: отбасының жеке мұрағатынан

Бір жарым жасар елордалық Елжан Әлімхан төртінші сатыдағы бауыр циррозымен ауырып жатыр. Бүлдіршінге шұғыл түрде бауыр трансплатациясы жасалуы қажет. Ата-анасы осы күнге дейін баласына донор іздеп, уақыт жоғалтып алған. Балам деп шырылдаған отбасы жақында Түркияға аттанды. Операция 14 наурызға белгіленген. Алайда ақылы операцияға 46 мың АҚШ долларына тең қаражат жетпейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елжанның анасы Жансая Жәлел басына түскен ауыр жағдайды баяндап берді.

"Менің балам 2023 жылдың қаңтарынан бері ауырады. Төрт айлық сәби кезінде пневмониямен ауырды. Ауруханада ем алып жүргенімізде бауыр анализдері жасына сәйкес келмейтіндей жоғары көрсеткіш көрсетті. Дәрігерлер балаға жатырішілік инфекция жұққан деп айтты. Цитомегаловирусты гепатит деген диагноз қойды. Сол бойынша біз қаңтардан мамырға дейін - бес ай ем алдық. Дәрі іштік, мамыр айында баламыз қайтадан пневмония боп ауырды. Өйткені үлкен балам балабақшаға барып, жұқтырып келе беретін. Содан қалалық балалар ауруханасында қайтадан пневмониядан емделдік. Антибиотик қабылдады. Өйткені қан талдауында бауырда асқыну бары анықталды", – дейді Жансая Жәлел.

Кейін Елжанның іші қатты ісіп кеткен. Анасының айтуынша, дәрігерлер инфекция өршіп тұрғандықтан препаратты тамырына жіберу керек деген.

"Тамырына жіберетін дәріні өз ақшамызға сатып алдық. Үкіметтен берілмейді екен. Астанадағы балалар инфекциялық ауруханасында екі апта бойы жаттық. Сонда жүрген 10-11-күндері бала қатты шыңғырып жылады. Мен баламның туғанынан бері бар кіндік жарығы мазасын қашырды ма деп қорықтым. Хирургтерді шақырып көрсеттік. Бірақ одан емес іші қатты ісіп, тамыры шығып кеткендіктен баланың мазасы болмаған", – дейді ол.

Айтуынша, ауруханадан шыққанда Елжанның анализдері жақсарған. Алайда бауыр анализдерінің көрсеткіштері өзгермей, сол қалпы қалған.

Кейін Елжанға бауыр биопсиясы тағайындалған. Негізінде медсақтандыру бойынша тегін жасалатын іс-шараны анасы күткісі келмеген, себебі, екі апта уақыт жоғалтатынын сезген. Сызғанов атындағы орталықта ақылы түрде биопсиядан өткен.

"Баланы Алматыға алып келдік. Порталмен өтуге біздің медицинамыздың жыры бітпейтінін түсіндік. Сонымен Сызғанов атындағы орталықта бір наркоз арқылы кіндік жарығына ота да, биопсия да жасалды. Оның нәтижесі бастапқыда үш аптада, кейін бір жарым айда дайын болады деп естідік. Нәтижесінде бізге бауыр циррозының төртінші сатысы деген диагноз берді", - дейді Жансая Жәлел.

Содан кейін ата-анасы Елжанға бауырын беретін донор іздеп біраз сабылған.

"Біз алты ай бойы әпкемізді донорлыққа дайындадық. Ол аралықта бала өзін жақсы сезінді. Сарғыштығы, ішінің де ісігі басылды. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап қайтадан асқынып, іші қатты ісіп кетті. Астаналық дәрігерлер дереу бауыр ауыстыру отасын жасауды ұсынды. Алайда елімізде донорға қойылатын талап көп. Бір бума анализ тапсыруы керек болды. Тегін тапсыру үшін бір-екі айлап күтуіміз қажет болды. Біреуі айдың басына, біреуі соңында қойылған. Ал бізде уақыт тапшы болғаннан кейін Түркияға ұшып кетуімізге тура келді", - дейді Елжанның анасы.

Жансая Жәлел қазір ұлы және донормен бірге Антальядағы клиникалардың бірінде операцияны күтіп жатыр. Алайда қолындағы қаражаты ота құнын өтеуге жетпейтінін айтады. Анасы Рамазан айында Елжан үшін қаржылай көмек беретін адамдарды іздейді.

"Операция күні негізі 14 наурызға белгіленген. Үш күн қалды. Бірақ қолымыздағы сома оған жетпейді. Әлі де 46 мың доллар керек. Донор – өзімнің қайынәпкем, ол кісінің анализдері сай кеп тұр. Баламның бауырын қазір алмастырсақ, кәдімгі өмірге оралады деп жатыр. Көмек қолын созып жіберіңіздерші, өтінемін. Ешқандай ананы баламен сынамасыншы", - дейді Елжанның анасы.

Бір жарым жастағы баланың шауып кетуіне үлес қосқыңыз келсе, төменде реквизиттер көрсетілген:

Реквизиттер:

KASPI BANK:

Карта нөмірі: 4400 4302 7486 5382

Т: 87022333170 (әкесі)

BATYRKHAN ASSANBAYEV

HALYK BANK

Карта нөмірі: 4405 6397 9652 8162

Т: 87022333170 (әкесі)

BATYRKHAN ASSANBAYEV

JUSAN BANK:

Карта нөмірі: 5395 4550 7267 5166

Т: 87022333170 (әкесі)

BATYRKHAN ASSANBAYEV

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066004-operaciyaga-us-kun-qaldy-bauyr-cirrozyna-saldyqqan-elordalyq-buldirsinnin-anasy-elden-komek-suraidy/

pixel