Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мұғалімдер оқушыларға ораза ұстамауға кеңес берді

Опубликовано:

оқушы
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбелік мұғалімдер ата-анадан кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ораза ұстауға мәжбүрлемеуді сұрады. Ата-аналардың WhatsApp желісіндегі чатында ұстаздардың ескертуі тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Онда ораза ұстау оқу процесіне кедергі екені және оқушылардың үлгерімі мен денсаулығы маңызды екені айтылған.

"Оқу процесіне кедергі болуына байланысты оқушылардың ата-аналарымен сөйлесіп, ораза ұстауға болмайтындығын ескертулеріңіз сұралады. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға мектеп қабырғасында ораза ұстауға рұқсат жоқ. Оқушының денсаулығы сабақ үстінде күрт нашарлап кету ықтималдығының болуына байланысты", - деген хабарламада.

Бұған қатысты облыстық білім басқармасының басшысы пікір білдірді. Облыстың бас ұстазы баланың ашқарын жүруі оның толыққанды білім алуына кедергі келтіруі мүмкін екенін алға тартты.

"Мектеп оқушылары әлі балиғат жасына толмағанын ескеру қажет. Біздің басты мақсатымыз – оларға сапалы білім беру. Біз ата-аналардың діни ұстанымдарына құрметпен қараймыз, алайда балаларға қатысты қандай да бір еркінен тыс жоралғыларға жол берілмеуге тиіс. Оқушының білім алуы үшін денсаулығы мен зейіні басты назарда болуы қажет", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067534-aqtobede-mugalimder-oqusylarga-oraza-ustamauga-kenes-berdi/

pixel