Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұрбақыттар келе жатыр": аралдық есімі бірдей ерлі-зайыпты қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

ерлі-зайыпты жұп
Нұрбақыт пен Нұрбақыт. Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Арал қаласында аттас ерлі-зайыпты жұп тұрады. Екі жыл бұрын тұрмысқа шыққан Нұрбақыт Матығұлова күйеуі Нұрбақыт Мүберековпен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрбақыт Матығұлова мен Нұрбақыт Мүбереков Аралда туып-өскен. Ерлі-зайыпты әлеуметтік желі арқылы танысқан.

"Карантин кезінде Қызылордада медицина колледжінде оқыдым, студент болдым, жасым 16-да еді. Ол мені алғаш рет кафеде даяшы боп жұмыс істеп жүргенімде байқапты. Кафе иесінен менің нөмірімді сұраған, бірақ ол кісілер менің әлі жас екенімді ескеріп, телефонымды бермеген екен. Содан бір жылдан кейін өзім оны Vkontakte желісінен байқап қалдым. Аттасымды таптым деп оған достық өтініш жібердім. Ол қабыл алды. Сосын маған жаза бастады. Менен кафеде істеген-істемегенімді сұрады. Мен басында мойындамай жүрдім. Келе-келе жақын танысып, жақсы сөйлесіп кеттік", - дейді жас келіншек.

Қос Нұрбақыт 2021 жылдан бері бірге. Нұрбақыт Матығұлова мейірбике, ал жұбайы Нұрбақыт Мүбереков көлік жөндеумен айналысады.

"Үйлену тойымыз 2022 жылы желтоқсанда болды. Былтыр ұлымыз дүниеге келді. Есімін Шапағат деп қойдық. Қазір екінші сәбиімізді күтіп жүрміз", - дейді олар.

ерлі-зайыпты жұп
Ерлі-зайыпты жұп. Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Аттас жұп бұл жағдайдың өздеріне қалай әсер еткенін айтып берді.

"Өзімізге қатты білінбейді. Себебі бір-бірімізді атымызбен атамаймыз, "жаным" дейміз. Ал үйдегілер мені Бақыт дейді, күйеуімді өз есімімен атайды. Қызық жағдайлар да болды. Әсіресе тойымызға шақыру билетін, банер істеткенде таңғалып, сенбегендер бар. Ал төркін жағымдағылар екеумізді де Нұрбақыт деп атайды. Нұрбақыттар келе жатыр деп қалжыңдайды", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068311-aleumettik-zeli-arqyly-tanystyq-esimi-birdei-erli-zaiypty-zup-turaly-ne-bilemiz/

pixel