jitsu gif branding logo appbranding logo app

Биыл Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар неше күн демалады

Алматыдағы Наурыз мейрамы кезінде билеп жатқан бишілер
Алматыдағы Наурыз мейрамы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елімізде алдағы аптада Наурыз мейрамына байланысты мерекелік демалыс күндері басталады. Биыл ел тұрғындары мерекеге орай бес күн қатарынан демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Электрондық үкімет" порталындағы мерекелік күнтізбеге сүйенсек, биыл Наурыз мейрамы – 21-22-23 наурыз - бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді.

23 наурыз сенбіге түскендіктен, ел тұрғындары 25 наурыз дүйсенбі күні де демалады.

Осылайша, биыл қазақстандықтар 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда, 5 күн қатарынан демалады.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет министрлігі бұдан былай Наурыз мейрамын жаңа форматта – 14-23 наурыз аралығында тойланатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ наурыз айында қазақстандықтар мереке күндері мен демалыс күндерін қоса есептегенде, 14 күн демалатынын жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.