Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жоғалып кеткен кішкентай қыз әлі табылмай жатыр (видео)

Опубликовано:

Қонжық. Көрнекі сурет
Қонжық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысының Күш ауылында екі күн бұрын жоғалып кеткен кішкентай қызды іздеу жұмысына 300-ге жуық адам мен арнайы үйретілген иттер жұмылдырылды. Бұл туралы аудандық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бала 17 наурызда түстен кейін үйінен шығып кетіп сол күйі оралмаған. Полицияға қыздың жоғалып кеткенін сағат 16:00 шамасында анасы хабарлаған.

"Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Жалпы қазіргі таңда 300-ге жуық адам жұмылдырылды.

Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр" – делінген аудандық әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметте.

Еріктілердің айтуынша, бүлдіршіннің бойы – 100-105 см, арықша келген, шашы қара әрі ұзын, қой көзді. Үстіне ақ жолақты капюшоны бар қызғылт күртеше, сұр көйлек, аяғына қызғылт етік киген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070648-almaty-oblysynda-zogalyp-ketken-kiskentai-qyz-ali-tabylmai-zatyr-video/

pixel