jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қаржы министрі Наурыз мейрамын тойлауға бюджеттен бір теңге де жұмсалмайтынын айтты

Наурыз мейрамындағы концерттік көрініс
Наурыз мейрамы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкіметте өткен брифингте қаржы министрі Мәди Тәкиев елімізде Наурыз мейрамындағы мерекелік іс-шараларға қаражат қайдан алынатыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бізде Наурыз мейрамын тойлауға бюджеттен бөлінген ақша жоқ.(...) Жаппай тойлау, демеушілік қаражат есебінен шығар, бірақ бюджет есебінен емес. Бюджеттен бір теңге де жұмсалмайды. (мерекелерге – автор ескертпесі)", – деді қаржы министрі Мәди Тәкиев.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр. Енді мереке 14-23 наурыз аралығында жалғасады, осы кезеңде Наурызнама бойынша әр күн белгілі бір дәстүрге арналады.

Алайда бұл онкүндік үшін елімізде ресми демалыс берілмейді.

Еске сала кетсек, биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады.

Қаржы министрі Наурыз мейрамын тойлауға бюджеттен бір теңге де жұмсалмайтынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.