jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Қарызы 12 млн теңгеге жетті": Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан көпбалалы әйел бұрынғы күйеуін іздеп жүр

Калькулятормен есептеп отырған әйел
Калькулятормен есептеп отырған әйел. Көрнекі фото: Freepik / katemangostar

Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан көпбалалы ана бұрынғы күйеуінен алимент өндіре алмай жүр. Төрт баланың анасы балаларының әкесін іздейді. Ер адамның жылдар бойы жиналған алименті 12 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көпбалалы ана сот орындаушылардан көмек сұрады. Ол қатерлі ісік дертіне шалдығып, жұмысқа жарамай қалған.

"Төрт балам бар. Бұрынғы күйеуімнен алимент өндіре алмай жүрмін. Қарызы 12 млн теңгеге жетті. Ұлым да, қызым да бар. Осы күнге дейін өзім бақтым. Қазір денсаулығыма байланысты жұмысқа жарамай қалдым. Қатерлі ісік дендеп, ем алып жүрмін. Төрт баланы бағу қиындап кетті. Есепшоттарым бұғатталған. Борышкерді тауып, сот шешімінің орындалуына көмек көрсетуді сұраймын. Ол адам осыған дейін ешқандай көмек көрсеткен жоқ. 2023 жылдың қарашасынан бері жұмысқа шыға алмай қалдым. Жұмысссыз қалғаныма байланысты 25 мың теңге ақша түседі. Болды. Басқа кіріс жоқ. Ағайындарым көмектесіп отыр. Балаларымның әкесін неше мәрте іздедік. Хабар жоқ", - дейді келіншек.

Ақтөбе облысының Әділет департаменті мен жеке сот орындаушылары келіншектің арызына қатысты келесі жұмыс полиция қызметкерлерімен бірге жүретінін жеткізді.

"Бұл жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті арқылы борышкерді іздеу жұмыстары жүреді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғау сұрағы шешіледі", - дейді Ақтөбе облысының Әділет департаментіндегілер.

Департамент мәліметінше, Ақтөбе облысында 2024 жылдың қаңтар айынан бастап 112 баланың пайдасына жалпы сомасы 111 млн теңгеден аса алимент бойынша берешек өндірілді. 92 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 63-і бес тәулікке қамауға алынса, 29 әкеге айыппұл салынды.

Автор: Ардақ Ерубаева

"Қарызы 12 млн теңгеге жетті": Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан көпбалалы әйел бұрынғы күйеуін іздеп жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.