jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршін әлі табылмай жатыр

Жоғалып кеткен бүлдіршін
Жоғалып кеткен бүлдіршін. Фото: Алматы облысының ПД

17 наурызда Алматы облысы Күш ауылында жоғалып кеткен 3 жасар қыз бала әлі табылған жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жоғалған бүлдіршін қыз әлі табылған жоқ", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда сағат 21.30-да Еңбекшіқазақ ауданының полициясына Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны жүгінген болатын. Әйел сол күні сағат 16:00-де үш жасар қызының үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Бұл факт дереу аудандық полицияда тіркелген.

Кішкентай қызды іздеу үшін Алматы облысы ПД бастығының жеке нұсқауы бойынша жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторларынан, кинологтардан, ЖПҚБ мен жедел блок қызметкерлерінен құралған арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазіргі уақытта арнайы дайындалған иттерді қолдана отырып, кең ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бүлдіршінді іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылған. Іздестіру жұмыстарына жалпы саны 300-ге жуық адам қатысып жатыр. Сондай-ақ тікұшақ пен сүңгуірлер де тартылған.

Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршін әлі табылмай жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.