Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өшіруді сұрады": Бишімбаев ісіндегі куәгер камералардағы видеоның қалай жоғалып кеткенін айтып берді

Жарияланған күні:

Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотта куәгерге сөз берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бишімбаевтың ісі бойынша куәгер – "Гастроорталық" қызметкері кісі өлімі болған күні "Гастроорталықтың" бейнебақылау камераларынан бейнежазбаны қалай өшіріп тастағанын айтып берді.

Куәгердің айтуынша, Байжанов оның бастығы болған, ал Бишімбаевпен таныс болған, бірақ ол жерден көп көрмеген. Жігіт жұмысқа біреудің ұсынысымен орналасқан.

Сол күні ол жұмысқа келіп әдеттегідей өз қызметін атқарып жүрген.

"Менің жұмысым ағымдағы және әлеуетті жалға алушылармен кездесуді қамтиды. Мен сағат бірде ғимаратты аралап шығамын. Сағат 13:00-де аралап жүрген кезде бірінші қабат жұмыс істеп тұрды, ал екінші қабаттағы BAU мейрамханасында ешкім болмады. Мен әкімшіден оның неге жұмыс істемей тұрғанын сұрадым, ол жұмысшылардың санитарлық күн деп айтқанын жеткізді.

Жұмысымды істеп болғасын кабинетіме бардым және шамамен сағат 14:00 шамасында әкімші келіп, Бақытжанның телефон соққанын, "Гастроорталықтың" бүкіл бейнежазбасын өшіріп тастауын өтінгенін айтты. Сондай-ақ мұны қалай істеу керектігін білмейтінін жеткізді. Әкімші Байжановқа жазған соң, ол кабинетке келіп, телефонмен сөйлесті. Ол: "Маған жазбаларды жоюға көмектесіңдер", - деді. Мен неге екенін нақтыламадым.

Мен компьютерлік технологияны түсінбеймін. Жүйелік әкімші болған жоқ. Осыдан кейін біз бірінші қабатқа түстік, әкімші сервер бөлмесінің кілтін алды: ол кілт раковинада сақталатын. Ол диспетчерлік бөлмені ашты, себебі сол жерде видеожазбалар қолжетімді. Мен оны білмеймін, бірақ әкімші білетін және маған көрсетті. Мен мұның қалай жасалатынын байқап көре бастадым. Олар маған бүкіл кешендегі барлық бейнежазбаны жою керектігін айтты. Қанша камера бар екенін білмеймін, бірақ өте көп", - деді куәгер.

Куәгер камераларды ешкім бақылап отырмағанын атап өтті.

"Кіреберістегі жол бойында күзетшіміз бар еді. Біреуі қосымша табыс табу үшін жұмысқа шығатын, ал күндіз ешкім күзетпейтін. Мен оны қалай өшіріп тастауға болатынын қарай бастадым. Байжанов келіп, өшіріле ме деп сұрады. Мен тырысып жатқанымызды айттым. Ол қай уақыт аралығын және қай жердегі камерадан өшіру керектігін нақтыламады. Мен әрі-бері шұқылап, бәрін өшіре бастадым. Оларды өшірген кезде әкімші сонда болды, содан кейін ол кетіп қалды. Мен бәрін аяқтап, диспетчерлік пунктті жауып кетіп қалдым", - дейді ол.

Айта кетейік, кейінірек полиция бейнебақылау камераларынан видеоларды алған болатын.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075628-osirudi-surady-bisimbaev-isindegi-kuager-kameralardagy-videonyn-qalai-zogalyp-ketkenin-aityp-berdi/