Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құжаттарын алып жүргені жөн": СІМ Ресейдегі қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Төлқұжат
Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Ресейдегі "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған терактіден кейін қазақстандықтарға деген көзқарасты айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер отандастарымызға қатысты бейтарап көзқарасты сақтау үшін Сыртқы істер министрлігі қандай шаралар қабылдап жатқанын сұрады.

"Кез келген мемлекет өз аумағында ауқымды лаңкестік болған кезде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде шаралар қабылдайды. Сәйкесінше, жергілікті билік те, оның ішінде құқық қорғау органдары қажет шараларды қабылдайды. Біреу ұсталып, тергеліп жатқаны туралы ақпараттың болуы қалыпты жағдай.

Біздің азаматтарымыз өзімен бірге құжаттарын алып жүргені әрі белгілі бір елде болу мақсаты болғаны жөн. Әзірге елшілікке біреудің заңсыз ұсталғаны туралы хабарлама немесе т.б. шағымдар келіп түскен жоқ. Егер қандай да бір тексеру жүргізілген болса, онда бұны тек тексеру деп қабылдау керек", – деді ол.

Осы орайда Айбек Смадияровтың айтуынша, Ресей ашық мемлекет.

"Шекара ашық, барлығы да жұмыс істеп тұр. Сапарға аттануға болады", – деді ол.

Айта кетейік, қазір Ресей Федерациясында Ішкі істер министрлігі көші-қон саласындағы бақылауды күшейту бойынша жобаның жұмыстарын аяқтады. Соның ішінде шетелдіктердің күнтізбелік жыл ішінде елде уақытша болу мерзімін 90 күнге дейін қысқарту шарасы қабылданған.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді.

Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников терактіге байланысты 11 адамның, оның ішінде "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар төрт лаңкестің ұсталғанын хабарлады. Кейін оларға бұлтартпау шарасы таңдалды.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы ақпараты бойынша, "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076933-quzattaryn-alyp-zurgeni-zon-sim-reseidegi-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel