Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты Ойылда бәйгеге шабатын аты суға кеткен бүлдіршінге тұлпар мінгізді (фото, видео)

Опубликовано:

Атасы, аты суға кеткен бүлдіршін, Қазыбек Әлішев
Атасы, аты суға кеткен бүлдіршін, Қазыбек Әлішев. Фото: Бүлдіршіннің анасының жеке мұрағаты

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы Ойыл ауданына қарасты Екпетал ауылында бәйгеге шауып жүрген ат суға батып кеткені көрсетілген видео тараған болатын. Ханторысынан айырылған үш жасар бүлдіршінге мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев бәйге атын сыйлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үш жасар бүлдіршіннің анасы Астанадан келген депутаттардың ұлына бәйге атын атағанын растады.

"Желіге тараған ақпарат рас. Кеше Астанадан депуттар келіп, тұлпар атап кетті. Дәл қазір ат байлайтын қора жоқ. Сондықтан қай уақытта ат қора дайын болады, сол кезде әкеліп беремін деп айтты", - деді бүлдіршіннің анасы.

Видеодан Қазыбек Әлішевтің балақайға тұлпар атап жатқанын көруге болады.

"Өңіріміздің болашақ шабандозына Ханторының орнына Нұржебе атты ат береміз", - деді Қазыбек Әлішев.

Аты суға кеткен бүлдіршін, Аманжол Әлтаев
Аты суға кеткен бүлдіршін, Аманжол Әлтаев. Фото: Аты суға кеткен балақайдың анасының жеке мұрағатынан

Еске сала кетейік, Екпетал ауылында үш жасар баланың бәйгеге шабатын аты жергілікті тұрғындардың көз алдында тасқын суға батып кетті. Аты суда тұрғанын фотодан көрген балақайдың әкесіне жолдаған аудиохабарламасы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Бір түнде су астында қалған ауыл тұрғындыры малды қауіпсіз жерге шығарып үлгермей қалған. Бас сауғалап, биік ғимараттарға шыққан тұрғындар тасқын ағызып бара жатқан малға тек жоғарыдан қарап тұрғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082884-mazilis-deputaty-oiylda-baigege-sabatyn-aty-suga-ketken-buldirsinge-tulpar-mingizdi-foto-video/

pixel