Атбасар маңындағы автожолда қозғалыс шектелді
Опубликовано:
Су тасқыны салдарынан "Көкшетау-Атбасар" автомобиль жолында қозғалыс шектелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ Telegrаm-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Құрметті жүргізушілер! 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 15:30 "Көкшетау-Атбасар" автомобиль жолының жүру бөлігін еріген қар суы алуы салдарынан 120-184 шақырымдарда (Максимовка ауылы-Атбасар қаласы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын ескере отырып, айналма жолдың маршрутын ұсынамыз", - делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы өкілдері жол қозғалысының шектелуіне байланысты айналма жол сызбасын ұсынды.
Айта кетейік, 11 сәуірде Атбасар қаласын су басып, ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2082935-atbasar-manyndagy-avtozolda-qozgalys-sekteldi/