Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Жоғарғы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысының жалғасы бүгін, яғни 15 сәуірде сағат 09:30-да басталды.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады.

Айта кетейік, 11 сәуірдегі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 9 қарашада Салтанат Нүкенова көз жұмған күні "Гастроорталықта" не жағдай болғанын айтып берді.

Бұған қоса ол BAU мейрамханасының бейнебақылау камераларындағы бейнежазбаны не себепті өшіргенін айтты.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084789-bisimbaev-isi-boiynsa-sot-otyrysy-onlain-translyaciya/