Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаевтың соты қайта жалғасты (онлайн-трансляция)

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астана сотында әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы бүгін сағат 09:30-да өтеді.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналынан көре аласыздар.

Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085458-quandyq-bisimbaevtyn-soty-qaita-zalgasty-onlain-translyaciya/

pixel