Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Бишімбаевтың соты: онлайн- трансляция

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасуда – оған заңсыз некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы қинап өлтірді деген айып тағылып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-тегі ресми арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Бүгінгі отырыстың екінші бөлімі сағат 14:30-да басталады.

Айта кетейік, бүгін түске дейінгі сот отырысында екінші айыпталушы Байжанов хабарласқан дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаевтан жауап алынды.

Жалпы Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге Бишімбаевтың туыс інісі, "Гастро орталық" директоры Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087108-eks-ministr-bisimbaevtyn-soty-onlain-translyaciya/

pixel