Су басқан Құлсарының бүгінгі жай-күйі қандай
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚұлсары су тасқынынан айтарлықтай зардап шекті. Атырау облысындағы су басқан қаладан түсірілген фотосуреттерді "Ақ Жайық" басылымы жариялады.
Атырау облысы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Жылыой ауданында су тасқыны басталғаннан бері 1 млн текше метрге жуық су шығарылған.
Тасқыннан кейінгі қаладағы суды сору жұмыстарына еліміздің түрлі аймақтарынан қосымша күштер тартылуда: Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімі, Маңғыстау облысы ТЖД, Алматы облысы ТЖД, Атырау облысы ТЖД қызметкерлері.
"Қазіргі уақытта Құлсары қаласын судан тазарту жұмыстары жалғасуда, оған 7 тіркеме және 21 тасымалданатын мотопомпалар, 1 бірлік ПНС-200, 1 бірлік - СНП-500, 3 бірлік ПНС-110 және 1 бірлік АР-2, 51 вакуум, 3 вакуум "Суперсакер" тартылды. Қазіргі уақытта жіберілетін судың жалпы көлемі 1 миллионға жуық м3 құрайды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб өкілдері.
Жылыойдағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллиард теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов мәлімдеді.
Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін тәулік бойы өңдейді.
"Жылыой ауданынан 3151 отбасына жалпы сомасы 1 163 349 200 тг теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда", - деді Азамат Мәмбетов.
Қазіргі уақытта ауданның 3398 тұрғынынан біржолғы материалдық көмек алуға өтінімдер келіп түсті.
Еске салсақ, 4 сәуірде су тасқынына байланысты Атырау облысының Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.
6 сәуірде Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 мыңға жуық адам, оның ішінде бес жарым мыңға жуық бала эвакуацияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089661-su-basqan-qulsarynyn-bugingi-zai-kuii-qandai-foto-video/