"Аккредитация алмаған": СІМ өкілі Собчак пен Грейстің Бишімбаев сотына қатысуына байланысты түсінік берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомСыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотқа қатысқан ресейлік журналистер туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Журналистер СІМ өкілінен Ксения Собчак пен Наталья Грейс Бишімбаев ісі бойынша сот процесіне қатысу үшін аккредитация алды ма деп сұрады.
"Біріншісі де, екіншісі де аккредитация алмаған", - деді Айбек Смадияров.
Еске салайық, 22 сәуірде ресейлік танымал журналист Ксения Собчак сотталушы Қуандық Бишімбаев сотына қатысқан.
Сонымен қатар ресейлік блогер Наталья Грейс Бишімбаев ісінен блог түсіру үшін арнайы Астанаға ұшып келген. Журналист айыпталушының әке-шешесінен (Уәлихан Бишімбаев, Альмира Бишімбаева) сұқбат алып, Youtube-тегі арнасында жариялады.
Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаев пен оның бауыры Бақытжан Байжановтың ісі бойынша жарыссөз басталуы керек еді, бірақ сот отырысының таңғы бөлігі бірнеше минутқа ғана созылды. Аудауыл айыпталушыларды сот залына әкеліп үлгермеген.
Түскі астан кейін прокурор Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты өзгертуді өтінді.
Байжановтың қорғаушысы жаңа айыптау актісімен танысу үшін уақыт сұрады. Сот отырысы 2 мамырға, сағат 10:00-ге ауыстырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093132-akkreditatsiia-almagan-sim-okili-sobchak-pen-greisting-bishimbaev-sotyna-qatysuyna-bailanysty-tusinik-berdi/