jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы көшелердің бірінде жол ішінара жабылады

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүріп жатқанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Осыған байланысты осы жылдың 30 сәуірінен 6 мамырына дейін Жаңажол көшесінен Тайбурыл көшесіне дейінгі Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Айта кетейік, Астана мен Алматыда субұрқақтар қашан іске қосылатыны белгілі болған еді.

Сондай-ақ биыл Астанада қараша айының соңына дейін LRT станцияларының бірінің салынуына байланысты Сығанақ көшесіндегі учаскелердің бірінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Астанадағы көшелердің бірінде жол ішінара жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.