jitsu gif

Ресейде суға құлаған автобустағы адамдарды құтқарған қазақстандық жігіт марапатталды

Су ішінде тұрған автобус
Оқиға орны. Фото: vk.com/spb_today

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында суға құлаған автобустағы жолаушыларды құтқаруға көмектескен Ерхан Аханов марапатталды. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады.

Жолаушыларға көмекке келген Ерхан Ахановты қала губернаторы марапаттап, қала гербі салынған сағат сыйға тарту етті.

Ерхан – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тумасы. Ата-анасы, бауырлары сонда тұрады.

Ал өзі Санкт-Петербург қаласында үш жылдан бері білім алып, қосымша жұмыс істеп жүр.

Автобус суға құлаған күні жерлесіміз Ерхан Аханов жұмысынан үйге қайтып бара жатқан. Қоғамдық көліктің суда жатқанын көріп бірден көмекке тұра ұмтылыпты. Ол адамдарды қалай құтқарғанын айтып берді.

Еске салсақ, 10 мамырда Санкт-Петербургте автобус көпірден Мойка өзеніне құлап кетті, ішінде 20-ға жуық адам болған.

Автобус жүргізушісіне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Бастапқыда 44 жастағы жүргізушіге қатысты "жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" және "қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. Көп ұзамай оның үстінен шетелдік азаматтарды жалған есепке алу фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды.

Ресейде суға құлаған автобустағы адамдарды құтқарған қазақстандық жігіт марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.