Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құранды қолмен жазып шыққан әйгілі шейх Осман Тоhа Шымкентке ұшып келді

Жарияланған күні:

шейх Осман Тоһа Қазақстанға келді
Шейх Осман Тоһа Қазақстанға келді. Видеодан кадр: instagram.com/islamiyat_media

Құранды қолымен жазып шыққан әйгілі саудиялық каллиграф шейх Осман Тоһа Қазақстанға ұшып келді. 93 жастағы ақсақал Шымкентте жаңа мешіттің ашылуына қатыспақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шейх Осман Тоһаның Қазақстанға келгені Instagram-дағы islamiyat_media парақшасынан белгілі болды.

"Шейх Осман Toha, ұлты қазақ. Құран кітабын қолымен жазған. Бүгін Шымкентке "Сейтжан қари" мешітінің ашылуына ұшып келді", - делінген видео сипаттамасында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері шейх Осман Тоһаның Қазақстанға келгенін растады.

"Ол кісі ұшып келді. Бұйырса 24 мамырда Шымкентте мешіттің ашылу салтанатына қатысады деген жоспары бар", - деді мүфтият өкілі.

шейх Осман Тоһаның шаңырағында
Аманкелді Еренғайыпұлы шейх Осман Тоһаның шаңырағында. Фото: Аманкелді қажы Еренғайыпұлы

Айта кетейік, Мәдина қаласында тұратын әйгілі шейх, Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын қолмен жазған әйгілі каллиграф Осман Тоһаның қазақ екені туралы бұған дейін ақпарат шыққан. Каллиграфтың шаңырағында болып қайтқан қазақстандық дінтанушы Аманкелді қажы Еренғайыпұлы оны ақсақалдың өз аузынан естігенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105841-qurandy-qolmen-zhazyp-shyqqan-aigili-sheih-osman-toha-shymkentke-ushyp-keldi-video/