Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір символы": Эверестке шыққан қазақстандық ұлттық тағамдардың бірін шыңға қойып кетті

Жарияланған күні:

Жәмиля Баширова
Жәмиля Баширова. Фото: instagram.com/zhamilya_bashirova

Бірер күн бұрын Эверестке шыққан қазақстандық қыз Жәмиля Баширова ұлттық тағамдардың бірі құртты әлемнің ең биік шыңына қойып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ альпинистің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Әлемнің шыңына өмір символы ретінде құртты қойып кеттім. Аштық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін.

Қазақтар 1930-шы жылдардағы аштықтан аман өтті, бірақ балаларынан айырылып қаламын ба деген қорқыныш болды. Олар бұталардың арасына қайнатылған ет бөліктерін, шелпек, құрт пен сұлы жармаларын жасырып қойған", - деді ол.

Қазақстандық альпинист жазбасында қуғын-сүргін, аштық жылдары қазақтар тұтқындағы адамдарға жасырып құрт әкеліп бергенін де жазған.

"Аман қалғандардың жүрегінде алғыс өмір бойы сақталды. "Лагерьдің бәрі нашар" дейді әйелдер, біздің елдегі лагерьде болғандар, ең алдымен қазақтартың арқасында аман қалды. Құрт— қаншама өмірді сақтап қалған тас", - деп жазды альпинист.

Еске салайық, 23 мамырда тағы бір қазақстандық ару Жәмилә Баширова Эверест шыңын бағындырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106885-omir-simvoly-everestke-shyqqan-qazaq-qyzy-ulttyq-tagamdardyng-birin-shyngga-qoiyp-ketti/