Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушылар келесі оқу жылында қанша күн демалады: министрлік каникулдар кестесін жариялады

Опубликовано:

Кітапқа қарап отырған мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Ашық НҚА" порталында оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасы жарияланды. Құжатта келесі оқу жылына белгіленген демалыс күндері көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Бұл ретте бұйрыққа сәйкес:

  • бірінші тоқсан сегіз апта болады, демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашаға дейін созылады;
  • екінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар, қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін жалғасады;
  • үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы бар, көктемгі демалыс – 21 наурыздан 31 наурызға дейін;
  • төртінші тоқсанда 8 оқу аптасы болады, 25 мамырға дейін.

Құжат қабылданса, бірінші сынып оқушылары 3-9 ақпан аралығында қосымша бір апта демалады.

9-10 сынып оқушылары 2025 жылдың 29 мамыры мен 9 маусымы аралығында, ал 11-12 сынып оқушылары 2025 жылдың 30 мамыры мен 12 маусымы аралығында емтихан тапсырады, делінген бұйрық жобасында.

Жобаның қоғамдық талқылауы 18 маусымға дейін жалғасады.

Еске салсақ, биыл қазақстандық түлектерге салтанатты дастархан жайып, көлікпен жүруге тыйым салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111862-oqushylar-kelesi-oqu-zhylynda-qansha-kun-demalady-ministrlik-kanikuldar-kestesin-zhariialady/