Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Астана тұрғындарына ескерту жасады

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада бүгін нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл соқты. Осыған орай тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту жасады, деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство берген мәліметке сай, таңнан бері елордада 87 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Астана қалалық полиция департаменті ауа райының құбылмалылығы мен нашарлауына байланысты жүргізушілерді көлікті басқару кезінде барынша мұқият және абай болуды, түрлі гаджеттерге, соның ішінде ұялы телефондарға алаңдамауды сұрайды", - дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Сондай-ақ полицейлер жолды кесіп өтетін немесе жол бойымен қозғалатын жаяу жүргіншілердің өте сақ болу керектігін еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада бұршақ жауып, дауыл соққанын хабарлаған болатынбыз. Тіпті кейбір көшелерді су басқан.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ертең, 7 маусым күні елордада тағы да найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қатты жел кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері

Облыстық төтенше жағдайлардың бірінің ресми сайтында хабарланғандай, дауылды жел – ең көп таралған табиғи апаттардың бірі.

Желдің жылдамдығы 14-17 м / сек болған кезде көше бойына орнатылған жарнамалық қалқан қондырғылары, жарықдиодты панно және дербес тіректердегі транспаранттар аударылуы мүмкін.

Дауылды жел кезінде (24 м/сек дейін) ағаштар құлап, электр беру желілері үзілуі ықтимал.

Үйде немесе пәтерде болсаңыз:

  • барлық терезені жабыңыз, олардың дұрыс жабылғанын тексеріңіз;
  • қатты жел болған кезде қауіпсіз жерлер – терезелерден алыс жерлер;

Егер қатты жел кезінде көшеде қалсаңыз:

  • дереу подъезді немесе берік ғимаратты паналаңыз;
  • үйлердің қабырғаларына, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама тақталарына, ағаш астына, салынып бітпеген ғимараттардың жанына тығылмаған дұрыс;
  • үзілген сымдарға, тербелмелі маңдайшаларға және т.б. жақындамаңыз.;
  • шіріген және ескі, әсіресе жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыз.

Автокөлік иелеріне ағаштардың, билборд конструкцияларының, электр сымдарының астына автокөлікті қоюға болмайтынын естен шығармаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114106-politseiler-astana-turgyndaryna-eskertu-zhasady/