jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің тағы бір өңірінде жайылым мен шабындықты шегіртке басты

Шегіртке
Шегіртке. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысының Ақсуат ауданындағы жайылым мен шабындық жерлерді шегіртке отап жатыр, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарна тілшісінің айтуынша, жергілікті тұрғындар шегірткенің көптігінен "Қыстық мал азығын дайындай алмай қаламыз ба?" деп қауіптеніп отыр. Ал билік өкілдері алқаптарды дәрілеу жүргізіліп жатқанын айтқан. Қазір Шымкенттен келген мамандар ауыл шаруашылығы мақсатындағы екі мың гектар алқапты залалсыздандырып жатыр.

Сондай-ақ үш елді мекенге қарасты жайылым жерлерді де дәрілеу жоспарланған. Ақсуат ауданындағы 6 900 гектар аумақты шегіртке басқан деген болжам бар.

"Ауданда саяқ шегірткесінің экономикалық зиянды шегі 1500 гектарға жетіп отыр. Бұл Қызылкесік ауданында – 1360 гектар. Екпін ауылында – 200 гектар", - дейді Ақсуат ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бейбіт Сербатыров.

Дереккөз: КТК

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысының Амангелді және Жанкелдин ауданында шегіртке қаптай бастағынын жазған едік.

Түркістан облысы Арыс қаласы Байтоғай ауылының да шаруалары қаптаған шегірткеге шағымданып жатыр.

Айта кетейік, морокко шегірткесі Арыс қаласындағы Байтойғай мен Қожатоғайдағы ғана емес, Келес және Сарыағаш аудандарын да қаптап жүр. Ол жақта да қауын-қарбыз еккен диқандар шаш етектен шығынға батып жатыр. Мамандар сөзінше дернәсілдің бұлай қаптауына тоқтаусыз жауған жаңбыр мен күннің салқындауы әсер еткен.

Еліміздің тағы бір өңірінде жайылым мен шабындықты шегіртке басты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.