Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істің жай-жапсарын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Бейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов. Фото: instagram.com/beibutshumenov

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке жарияланған мемлекетаралық іздеу күшін жойды. Ішкі істер министрлігі істің мән-жайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Ішкі істер министрліген сілтеме жасаған ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бейбіт Шүменовке қатысты Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.

"Қазіргі уақытта тергеу нәтижесі бойынша және жәбірленушілерден келіп түскен кешірім беру арызы негізінде Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс және қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. Қылмыстық кодекстің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен байланысты емес және онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса, сондай-ақ келген залалды өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі өзге ақпараттың жария етуге жатпайтынын және тергеу нәтижесімен қылмыстық процеске қатысушылар ғана танысуға құқылы екенін хабарлады.

Бейбіт Шүменовтің ісі

18 маусымда Астанадағы сауда орталығында бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.

Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынды.

Одан бөлек, ІІМ Астананың сауда орталығында болған Бейбіт Шүменовтің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын жазған едік.

Сондай-ақ Астана ПД Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2122785-iim-beibit-shumenovke-qatysty-qylmystyq-isting-zhai-zhapsaryn-malimdedi/