jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында ауыл баласы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Жаннұр Еңсебек
Жаннұр Еңсебек. Фото: instagram.com/talgar_audany_edu

Алматы облысында Қарабұлақ ауылындағы түлек Еңсебек Жаннұр ҰБТ-дан 140 балл жинады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Талғар аудандық білім бөлімінің мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектептің түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинады.

Жаннұр "Алтын белгі" иегері атанған.

Бұл көрсеткіш республика бойынша биылғы ҰБТ-дағы әзірге ең жоғары балл болып отыр.

Ғылым және жоғары білім және министрлігінің мәліметінше, Еңсебек Жаннұр негізгі ҰБТ-ның алтыншы аптасында ең жоғары 140 балды жинап отыр. Ол ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша 27 маусымда Есік қаласында тапсырған.

Сондай-ақ министрлік өкілдері негізгі ҰБТ басталғаннан бері 264 мың рет тест тапсырылғанын атап өтті. Оның ішінде талапкерлердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 197 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.

ҰБТ басталғалы шекті балды талапкерлердің 77 пайызы жинаған. Орташа балл 69 балды құраған.

Сонымен қатар министрлік өкілдері соңғы рет ҰБТ нәтижесі бойынша 140 балды Павлодар облысының талапкері 2021 жылы жинаған болатын, ал 2018 жылы Алматы қаласының талапкері жинағанын еске салды

Осыған дейін жоғары балл алған оқушылардың бірі Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Айдос Қожанов сұқбат берген болатын.

Айта кетейік, биылғы ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді.

Алматы облысында ауыл баласы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.