jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанаға кіретін жолдар жабылатыны рас па: полицейлер жауап берді

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана полиция департаменті өкілдері "әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1 шілдеден 5 шілдеге дейін елордаға кіретін жолдар жабылады" деген қауесетке жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласы полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Астана қаласының аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1-5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елдімекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған", - деді полицейлер.

Астана қаласының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылық көзделетінін ескертіп, тұрғындарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетіні белгілі болған еді.

Ақорда мәліметінше, саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

Астанаға кіретін жолдар жабылатыны рас па: полицейлер жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.