jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада 30-дан астам автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

Астана көшелері
Астана көшесіндегі адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада өтетін ШЫҰ саммиті кезінде Мәңгілік Ел даңғылында көлік қозғалысына шектеу қойылуына байланысты 32 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана әкімдігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 3-4 шілдеде елордада бірнеше автобус бағытының сызбасы уақытша өзгереді.

"3-4 шілдеде № 10, 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 27, 28, 29, 29А, 30, 32, 35, 40, 42, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 60, 61, 70, 84, 121, 201 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерту Мәңгілік ел даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу шаралары жүргізілуіне байланысты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Ақорда хабарлауынша, саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар ертең, 3 шілдеде елордада отшашу болады.

Астанада ШЫҰ саммиті кезінде яғни, 3-4 шілдеде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейтіні хабарланды.

Астанада 30-дан астам автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.