Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соғыстан кейінгі көріністей": Атырауда адамшошырлық жағдайда тұрып жатқан жатақхана тұрғындары шағымданды

Опубликовано:

жатақхана
Жатақхана. Видеодан кадр: instagram.com/ze_atyrau_region

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғындары құлағалы тұрған жатақхананы күнелтіп жатқанын айтып шағымданды. 47 жыл бұрын салынған бір қабатты ғимараттың әбден тозығы жеткен. Қабырғалары құлағалы тұрған үйдің іші де, сырты да адам көргісіз жағдайда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде бұл ғимаратта басқа барар жері жоқ жеті отбасы күнелтіп отыр. Арасында мүгедектігі бар жан да бар. Бөлмелерді жәндіктер жайлап, қабырғаларға әжетхананың жағымсыз иісі сіңіп қалған. Ток-сымдары да адам өміріне қауіп төндіріп тұр.

"Бұл үйді 14 жылдан бері паналап келеміз. Осы күнге дейін бірде бір билік өкілі келіп тексерген емес. Газ жоқ, баллон жағып, күнелтіп отырмыз. Ауданда жаңадан салынған үйден де бізге бұйырмай тұр, заңға қайшы көрінеді", - дейді Гүлшат есімді жатақхана тұрғыны.

Жергілікті билік Аққыстау ауылының орталығындағы Мұнайшы көшесінде орналасқан жатақхананың жағдайынан хабардар. Алайда еш шарасыз екендерін мойындап отыр. Тұрғындар да шағымын басшылыққа айтқанымен ешқандай нәтиже жоқ деп налиды.

"Бұл жатақхана 1977 жылы Исатай ауданы құрылған кезде салынып, Ауыл шаруашылығы комитетінің конторасы ретінде берілді. Бір кездері аудан тарап, кейін қайта құрылған кезде тұрғындарға уақытша тұруға берілді. Кейін Кеңес үкіметі тарап, жекешелендіру басталған кезде тұрғындар жеке меншікке өткізіп алған. Бұрынғы тұрғындардың көбі сатып кеткен, яғни, бұл ғимарат әкімдіктің балансына қарамайды. Сондықтан жатақхананы сүру үшін комиссияны да тағайындай алмаймыз, заңға қайшы. Бұл жағдайды аудан әкімдігіне де жеткіздім, бәрі де хабардар", - дейді Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев.

Ауыл әкімінің айтуынша, қазіргі кезде үй қатаң түрде кезекпен беріледі. Ескі жатақхананың тұрғындары да өзге азаматтар сияқты кезекке тұруы қажет.

Амалын тапса, халық бұл жерден безіп кетуге дайын. Бірақ басқа үй алуға шамасы келмейтіндерін айтады.

Қабырғасы қирап, едені опырылған үйде өмір сүріп жатқан жатақхана тұрғындарының жағдайы туралы видео әлеуметтік желіде таралып, халықтың қызу талқысына түсті.

"Бүкіл Қазақстанды асырап отырған Атыраудың халқы осындай жағдайда өмір сүріп жатыр. Осыған лайық па?", "Бұдан мал қора жақсы шығар", "Әрине, Атыраудың байлығы жетпейді. Қиын екен. Соғыстан кейінгі көрініс қой мынау. Әкімдер не қарап отыр?", "Астынан мұнай шығып отырған аудан. Ел азаматтыры көмек берсе де болады ғой", " Күйі жоқ екен. Қай ғасырда жүр?Әкімдері жұмыс істемейді дегеннің белгісі", - деп пікір қалдырған әлеуметтік желі пайдаланушылары.

Автор: Әйгерім Сайқын

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128242-sogystan-keiingi-korinis-atyrauda-adam-shoshyrlyq-zhagdaida-turyp-zhatqan-zhataqhana-turgyndary-shagymdandy/