jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астанада көлік көп жүретін даңғылдың бір бөлігі екі күнге жабылады

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа даңғылының Кенесары көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Тарас Шевченко көшесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлайды.

"Осыған байланысты ағымдағы жылдың 3-4 тамыз аралығында Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік алматылық полицейлер жол жөндеу жұмыстарына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасағанын хабарлаған едік.

Астанада көлік көп жүретін даңғылдың бір бөлігі екі күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.