Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 жылға сотталған Бишімбаев колонияда жұмысқа тұрса, қанша жалақы алады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Жуырда Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. ҚАЖК баспасөз қызметі ол колонияда өндіріске жұмысқа тұру арқылы қанша теңге таба алатынын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдері сотталғандарды мекемелердің өндірістік учаскелеріне жұмысқа орналастыру Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылатынын түсіндірді. Сотталушыны жұмысқа қабылдауға оның жазбаша өтініші негіз болады.

Жазасын өтеушілердің еңбегі екі формада – уақыт бойынша және келісімді жалақы түрінде төленеді.

"Сотталушыларға уақыт бойынша төленген кезде еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе нақты жұмыс істеген уақыты бойынша есептелінеді. Келісімді жалақы бойынша әр орындаған жұмыс немесе әр жасалған өнім үшін төленеді", - делінген хабарда.

ҚАЖ мекемелерінде немесе кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтін бір сотталушының орташа жалақысы 25 мың теңгеден 200 мың теңге аралығында болады.

Ведомство өкілдері сотталушылардың жалақысынан заңда белгіленген мөлшерде (еңбекақы немесе өзге де кірістің кемінде 50 пайызы) ай сайын ұсталатын қосты. Шығынды өтеу тікелей сотталушының табысына байланысты.

ҚАЖК ақпаратынша, бұл барлық жазасын өтеп жатқан азаматтарға қатысты қолданылады.

Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторынан қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылған болатын.

Қуандық Бишімбаев ісі

2023 жылғы 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды. Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.

13 мамырда сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алқабилер алқасының үкімімен:

  • Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
  • Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті.

26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды.

Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144617-24-zhylga-sottalgan-bishimbaev-koloniiada-zhumysqa-tursa-qansha-zhalaqy-alady/