Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев пен Байжанов ісі Жоғарғы сотқа жіберілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сот кеңсесінде Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі Жоғарғы сотқа жіберілгені туралы жазба пайда болды. Бұл туралы KAZ. NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сот кеңсесіндегі ақпарат бойынша 5 тамызда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі судьяға берілген.

Айта кетейік, 24 жылға сотталған Бишімбаев колонияда жұмысқа тұрса, қанша жалақы алатын туралы жазған едік.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторынан Аршалы ауылындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылғаны белгілі болған еді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды.Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды. Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.13 мамырда сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алқабилер алқасының үкімімен:

  • Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
  • Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды. Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144994-quandyq-bishimbaevtyng-isi-zhogargy-sotqa-zhiberildi/